«Қысқы өрнектер» республикалық байқауы
Шымкент қаласында өткен «Қысқы өрнектер» республикалық байқауына Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің 6 оқушысы қатысты. Олардың төртеуі жүлделі орындарға ие болды: Арайлым Балтабаева, 12 жаста, гуашьпен салған «Жаңа жылдық аққала» жұмысы үшін I орынға ие болды. Жетекшісі – Оксана Валерьевна Сидоренко.
Виктория Сваричевская, 9 жаста, аралас техникада орындаған «Мерекелік ғажайып» жұмысы үшін II орынды иеленді. Жетекшісі – Инна Владиславовна Масленникова.
Ксения Лысач, 15 жаста, гуашьпен салған «Қысқы ойындар» жұмысы үшін II орынға ие болды. Жетекшісі – Наталия Владимировна Решетова. Стефания Сучкова, 9 жаста, «Ағаштардың аязды өрнегі» жұмысы үшін III орынға ие болды. Жетекшісі – Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина.
