Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Э.М. Юрьев атындағы балалар суреттерінің халықаралық байқауы
20-05-2026 13:25
Э.М. Юрьев атындағы балалар суреттерінің халықаралық байқауы
Ресейдің Чебоксары қаласында өткен Э.М. Юрьев атындағы балалар суреттерінің халықаралық байқауына Павлодар қ. БКСМ-нің 8 оқушысы қатысты. Олардың үшеуінің жұмыстары халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды:
Мия Невечерова, 9 жаста, аралас техникасымен орындаған «Мейірімді мейірбике» жұмысы үшін I дәрежелі лауреат атанды. Жетекшісі – Инна Владиславовна Масленникова.
Платон Драмачев, 9 жаста, аралас техникадағы «Соғыс туралы әндер» жұмысы үшін III дәрежелі лауреат атағына ие болды. Жетекшісі – Инна Владиславовна Масленникова.
Варвара Хабарова, 10 жаста, гуашьпен салған «Анашым, мен жаныңдамын!» жұмысымен байқаудың дипломанты атанды. Жетекшісі – Наталия Владимировна Решетова.