«QazaqPlay» ұлттық ойындар фестивалі
2026 жылғы 2 маусымда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде қазақ халқының мәдени мұрасын, ұлттық ойындарын насихаттауға, сондай-ақ балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «QazaqPlay» жобасының қорытынды кезеңі – фестиваль өтті. Жоба білім беру, ойын және көркем шығармашылық форматтарын үйлестіре отырып, оқушыларды бейнелеу өнері арқылы қазақтың ұлттық ойындарын зерттеп тереңірек тануға баулиды. Жобаның негізгі мақсаты – балаларды қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру, олардың көркемдік қабілеттерін дамыту және ұлттық ойындарға арналған шығармашылық жұмыстар жасауға баулу.
Фестиваль аясында үздік суреттердің, сәндік-қолданбалы жұмыстардың, жобаға қатысушылардың мүсін бойынша жұмыстарының қорытынды көрмесі, "Асық ату", "Арқан тарту", "Садақ ату ойыны тұралы", "Асфальтқа сурет салу" интерактивті ойын алаңдары, сондай-ақ 2025–2026 оқу жылы барысында жобаның әртүрлі кезеңдерінде өткізілген бейнелеу өнері мен рефераттар байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Ұлттық ойындарды өткізуге №2, №35, №48, №7 және Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ оқушылары тартылды.
Фестивальдің құрметті қонақтары ретінде:
Ольга Ивановна Ловина – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-зергер, педагогика саласының ардагері; Ерсин Каскиевич Такирбасов – Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру саласының ардагері және үздігі; Руслан Тлектесович Билялов – «Ертіс Медиа» компаниясының басшысы; Кравченко Светлана Владимировна – А.П. Чехов атындағы театрдың суретшісі; Айман Каденовна Нургазинова – қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы, ұйымдастыру-әдістемелік комиссияның төрайымы шақырылды. Фестивальдің музыкалық бағдарламасын Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі ұсынды. А.А.Апушева-ның жетекшілігіндегі домбырашылар оркестрінің орындауында Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі шырқалып, В.В.Чеблакова-ның жетекшілігіндегі би ансамблі қазақ биін орындады. "QazaqPlay" фестивалі шығармашылықты, ұлттық дәстүрлерді және мәдени мұрамен өзара іс-қимылдың заманауи нысандарын біріктіретін жарқын мәдени оқиғаға айналды.

