Елімнің рәміздері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай №11 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен танымдық-тәрбиелік әңгіме ұйымдастырылып, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні түсіндірілді. Іс-шара барысында оқушылар аталған тақырыпқа арналған суреттер салды. Сонымен қатар, Көркемсурет мектебінің оқушылары да өз шығармашылық жұмыстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бейнелеп, Отанға деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетті.
