Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Экомода-2026» қалалық байқауы туралы
16-06-2026 15:39
«Экомода-2026» қалалық байқауы туралы
2026 жылғы 16 маусымда Балалар көркемсурет мектебінде Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің жанындағы жазғы лагерьлер арасында «ЭКОМОДА» қалалық экологиялық байқауы өтті. Байқаудың тақырыбы – «ЭКО-МОДА: ЭКОСТИЛЬ». Байқау қатысушылары (пластик, шыны, қағаз, картон бөтелкелер, стақандар, тәрелкелер, қораптар және т.б.) қайта пайдалануға болатын материалдардан киімге арналған қолшатырлар, чемодандар мен сөмкелер сияқты аксессуарлар дайындады. Байқаудың мақсаты  экологиялық тәрбие беру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға үйрету.
Байқауға қаланың 32 мектебінен 94 оқушы қатысты. Атап айтқанда, №7, №47, №5, №43, №41, №46, №26, №6, №35, №40, №18, №39, №15, №2, №14, №27, №11, №32, №34 мектептерінің, сондай-ақ М. Әлімбаев, Қ. Мақпалеев, Малайсары батыр, С. Торайғыров, Ш. Шокин, М. Жүсіп, Ж. Тәшенев, А. Шәмкенов, Қ. Бекқожин, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептердің және Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысты. Қатысушылардың барлығы қызықты әрі шығармашылық жұмыстар ұсынды. Соның ішінде 12 жұмыс үздік деп танылды. 
Байқау қорытындысы бойынша Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ, №15 ЖОББМ, Қ. Бекқожин ат. ЖОББМ және №14 ЖОББМ жанындағы лагерьлердің жұмыстары 1 орынға ие болды.
ІІ орынды Ш. Шокин ат. мектеп-гимназиясының, С. Торайғыров ат.  ЖОББМ, Малайсары батыр ат.  ЖОББМ және №2 ЖОББМ оқушылары иеленді. 
ІІІ орын дипломдарымен №41 ЖОББМ, Кенжекөл ЖОББМ, А. Шәмкенов ат ЖОББМ және №35 ЖОББМ марапатталды.