Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодарда Абай мұрасына арналған шығармашылық жұмыстар көрмесі ашылды
14-08-2026 14:08
Павлодарда Абай мұрасына арналған шығармашылық жұмыстар көрмесі ашылды
2026 жылғы 10 тамыз күні Абай күніне орай Павлодар қаласының Орталық қалалық кітапханасында өткен әдеби кездесу аясында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының«Абай мұрасы – мәңгілік мұра» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды.
 
Көрмеге жас суретшілердің гуашь, пастель, түрлі түсті қарындаштар мен маркерлер сияқты әртүрлі көркемдік техникаларды қолдану арқылы орындаған он шығармашылық жұмысы қойылған. Экспозициядан қазақтың ұлы ақынының портреттері, оның өмірінен сыр шертетін көріністер, сондай-ақ ақынның әйгілі шығармаларына, соның ішінде «Жыл мезгілдері» циклі мен «Ғақлия сөздеріне» арналған иллюстрациялық жұмыстар орын алған.
 
Жас суретшілер Абайдың бейнесін ғана емес, бүгінгі күні де жас ұрпаққа шабыт беріп, рухани ой-танымын байытып келе жатқан оның әдеби және философиялық мұрасының тереңдігін де көркем түрде жеткізуге ұмтылған.
 
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Павлодар қаласына танымал балалар жазушысы әрі ақын Людмила Николаевна Бевз, сондай-ақ Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері мен педагогтері болды.
 
Іс-шараның музыкалық бөлімі ұлы ақынның шығармашылық мұрасына тағы бір үндеу болды. Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Төкен Асанали мен Омаров Дәулет домбырада күй орындады. Ал мектеп тәрбиеленушісі Сарсикеев Асылжан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
 
Бағдарламада «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы тәрбиеленушілерінің көрсеткен өнерә ерекше орын алды. Текжанова Маруар «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін, Муканова Малика «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» шығармасын орындады. Ал Куанова Томирис «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқыды.
 
Іс-шара әдебиет, бейнелеу өнері мен музыканы тоғыстыра отырып, Абай мұрасының балалар мен жастар үшін әлі де шабыт көзі болып қала беретінін көрсетті. Осындай кездесулер ұлы ойшылдың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетке, рухани құндылықтар мен төл мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.