Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Жас павлодарлық суретшілер – халықаралық байқаудың жүлдегерлері атағына ие болды
18-08-2026 14:13
Жас павлодарлық суретшілер – халықаралық байқаудың жүлдегерлері атағына ие болды
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 3 тәрбиеленушісі — Варвара Тюменцева, Азалия Тлегенова және Юлия Литвинова Чебоксары қаласында өткен Э.М. Юрьев атындағы «Игілік жасауға асық!» халықаралық балалар суреті байқауында лауреат атанды.
Көркемсурет мектебінің үш оқушысы да сурет өнерін үлкен қызығушылықпен үйреніп, байқауға қатысуға бар ынталарымен дайындалды. Оларды ең алдымен байқаудың тақырыбы-Мейірімділік тақырыбы қызықтырды. Варвара Тюменцева, 15 жаста, «Алтын күз» атты гуашь техникасында орындалған жұмысы үшін лауреат атанды, жетекшісі Н.В.  13 жастағы Азалия Тлегенова мен 8 жастағы Юлия Литвинова  А.И. Кисамиденова мен Г.М. Мухаметкалина педагогтердің жетекшілігімен графика және гуашь техникасында орындалған «Бесікке салу» және «Шаш өру» жұмыстары үшін II дәрежелі лауреат атанды. 
Бұл байқау кеңінен танымал және жыл сайын жақын шетелдердегі көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында өткізіліп келеді. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, биылғы байқауға шетелдердің әртүрлі өңірлерінен 1418 шығармашылық жұмыстар ұсынылған.