Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Павлодарда «Туған жерім»: «Туған өлке аңыздары» қалалық байқау өтті
23-10-2026 13:45
Павлодарда «Туған жерім»: «Туған өлке аңыздары» қалалық байқау өтті

2026 жылғы 16 қазанда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубында Қазақстан Республика күніне орай «Туған жерім» қалалық байқау өтті. Биылғы байқаудың тақырыбы — «Туған өлке аңыздары».

Байқауға Павлодар қаласының 33 мектебінен 144 оқушы қатысты. Байқау шығармашылық арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлері мен аңыздарына деген қызығушылығын білдіруге ұмтылған жас суретшілердің басын қосты.

Байқаудың басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілеті мен көркемдік ойлауын дамыту. «Туған өлке аңыздары» тақырыбы қатысушыларға туған жермен байланысты аңыз-әңгімелер мен тарихи оқиғаларға үңіліп, бейнелеу өнері арқылы өлкенің байлығы мен өзіндік ерекшелігі туралы түсінігін жеткізуге мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталатын 20 жеңімпазды анықтады. Жеңімпаздар ұсынған шығармашылық жұмыстары үшін марапаттарға ие болды.

I дәрежелі диплом иегерлері: Алиса Ловяга — № 14 ЖОМ; Павел Пересыпко — № 41 ЖОМ; Нармин Томарбаева — Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия; Аруан Әубәкір — № 14 ЖОМ; Жамиля Кусаинова — № 39 ЖОМ; Амира Сембаева — Малайсары батыр ат. ЖОМ/

IIдәрежелі диплом иегерлері арасында: Аянұра Ануарбек — № 38 ЖОМ; Амир Рахимов — К. Макпалеев атындағы ЖОМ; Омар Серікболұлы — № 26 ЖОМ; Мирдана Жатеева — Ж. Тәшенев атындағы ЖОМ; Даяна Шаймардан — КЖОББМ; Милена Михейлис — № 39 жом.

IIIдәрежелі дипломды иеленгендер: Елизавета Радченко — Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия; Таисия Григориади — А. Байтұрсынұлы ЖОМ-лицей; Аделина Давлатова — № 6 ЖОМ; Марина Пивак — № 18 ЖОМ; Артур Чашин — № 43 ЖОМ; Ульяна Золотухина — № 26 ЖОМ; Гауһар Мергенбек — № 25 ЖОМ; Нұрлы Нұрлыбек — № 48 ЖОМ; Айша Атеева — № 47 ЖОМ.

Байқауға қатысқан барлық оқушыларға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды. «Туған жерім» байқауы оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және балаларды Қазақстанның рухани әрі мәдени мұрасымен жақындастыруға мүмкіндік тудырды. Туған өлке аңыздарына жүгіне отырып, жас суретшілер туған жер тарихына жаңаша көзқараспен қарап, өз туындылары арқылы оның сұлулығы мен маңызын жеткізе алды.

Байқаудың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Жас суретшілерге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер мен толағай табыстар тілейміз!