Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
2-ші Шығармашылық академия
04-07-2017 07:25
2-ші Шығармашылық академия

       Биылғы жылы Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 3 оқушысы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы екі жыл қатарынан өткізіп жатқан «2-ші Шығармашылық академиясы» атты республикалық жобасының финалистері атанды. Байқау нәтижелері бойынша әр түрлі шығармашылық бағыттарда Алматы қаласына 10 күнге Академияда оқуға шақырылған 12-17 жас аралығындағы 100 үздік балалар анықталды: бейнелеу, музыка, хореография, вокал. Маусым айының 18 мен 28 аралығында оқу барысында оқушылар Құрманғазы атындағы консерваториясы, Жүргенов атындағы Ұлттық Академиясының, сонымен қатар Академия жанындағы колледжінің үздік оқытушыларынан жаңа білім алды. Бұл бірегей жоба еліміздің дарында жастарын дамыту мен қолдауға, оларда толеранттылық рухында тәрбиелеуге және мемлекеттің болашақ әлеуетін күшейтуге арналған.
       Алматыдағы 2-ші Шығармашылық академиясының студенттері мен байқау финалисттері 15 жасар Тезекбаева Дарига, 16 жасар Рубцова Камила, 15 жасар Моисей Юлия «Жүнді акварель», «Құрғақ киіз басу», «3-D кескіндеме», «Керамика», «Графика: құрғақ шыны», «Шыны бойынша шеберлік шоу», «Керамика» тақырыптарындағы шеберлік сабақтарына қатысты. Оқушылардың үздік жұмыстары Бірінші Президент Фондындағы қорытынды көрмесіне қойылды; мұнда, одан басқа, өзге номинациялардағы студенттердің соңғы гала-концерті өткен. Сонымен қатар, күн сайын оқушылар қосымша мәдениетаралық диалог және мәдениеттер достастығы тақырыптарындағы тренингтер мен дәрістерге қатысып «Жаһандық азаматтық арқылы шығармашылық білім беру» тақырыбын тереңірек зерттей алды. 
Оқушылар сапарды ұнатты; жаңа нәрселерді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар Алматы қаласын көрді, Қазақстанның әр шетінен жаңа достар тапты, және келесі жылы да жобаға қатысуға ниет білдірді.
       Айта кетерлік жайт, жоба Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүше болуына және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссияға 25 жыл, сонымен қатар ЮНЕСКО Клубтық қозғалысына 70 жыл толуына орай «Алматы қаласы Жастар жылының» аясында өткізілді..

 

Директордың ТЖ орынбасары Г.М.Мұхаметқалина