Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Ресейдегі халықаралық сайыстың дипломанттары.
29-03-2019 11:42
 Ресейдегі халықаралық сайыстың дипломанттары.

         Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Ресейдің Брянск қаласында өткен "Сенің рухани құндылықтарың" атты балалар бейнелеу өнерінен тоғызыншы халықаралық байқауда дипломант атағына ие болды. Бұл "Благословляювас,леса..." жер шарының экологиясына арналды байқауеді.

        Бездетко Саша, Вероника Супрун, Настя Луценко, София Беген, Аяулым Айтпаева,Азиза Иманқұлова,Аурика Бакалу, МатвейЧайковский атты сегіз оқушымыз арнайы дипломдармен марапатталды.12 жастағы Арина Никотина екінші деңгейдегі лауреаты атанды, жетекшісі Тамара Евстахиевна Ровенная.  Алина Бусарова мен Ясмин Садвақасова қорытынды көрме қатысушысы деген дипломға ие болды. Дипломанттар өз жұмыстарында туған өлкеміздің әдемі көрінісін,онда ұя салған құстардың сұлулығын бейнелей білді. Ал мектебіміздің тәжірибелі тәлімгерлері Сәуле Бейбітханқызы Пернебаева, Анжела Николаевна Бамбуляк және Наталья Васильевна Герусова, Лариса БорисовнаИлларионова осы оқушыларымыздың жетекшісі болып табылды. «Дәл біздің балаларымыз - XXI ғасырдың балалары, осы бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұжымдық сана сезіміне ықпал ете отырып, жер де орманның, құстардың, аңдардың, таза су мен ауаның тіршілік ете алатынын шеше алады» - деп мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Инна Владиславовна Масленникова айтты.

       Байқауға Ресей, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Болгария, Молдова, Луганск ХалықРеспубликасы, Польша, Өзбекістан, Сербия, Украина сияқты елдердің балалары ат салысты.