2020 жылдың ақпан айында Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің зергерлік өнер ұстазы, зергер-суретші Ольга Ивановна Ловинамен оның қызы,осы көркемсурет мектеп түлегінің зергерлік бұйымдар көрмесі Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында ұсынылды. Көрермендер алдына 40 зергерлік бұйымдар, сондай-ақ эмаль, ағаш және металл плакеткалары, сонымен қатар 50-ден астам жұмыстар бейнеленген фотосуреттер көрсетілді.
Ольга Ивановна 20 жыл көлемінде көркемсурет мектебінде сурет, кескіндеме, зергерлік өнер және мүсін пәндері бойынша оқытушы болып жұмыс істейді. Шығармашылық жұмыстарының теориялық және әдістемелік дайындығының жоғары деңгейіне сүйене отырып, пәнді оқытуда инновациялық формалар қолданады. Оның оқытудағы басты мақсаты: оқушылардың мәдениетті және шығармашылық жағынан даму мәселелері бірінші орында тұрады.Оның оқушылары келесі халықаралық сайыстардың жеңімпаздары атанды: 2014 жылы Жапонияда өткен «Kanagava Biennial Childrens ArtExhibition» атты байқауда (Карина Шахметова,12 жас), 2015 жылы Новосибирск қаласында«Космос и Я» байқауда( МишаКайстра,11 жас), 2016 жылы Новочерскасск қаласындағы «Пейзаж - настроение» сайысында (Алуа Тыртыкаева,12 жас),республикалық сайстарда: 2017 жылы Нур-Султан қаласында «Түған жерім» атты сәнді-қолданбалы өнердің ( Басок Катя,10 жас), 2019 жылы «Балалар әлемді бейнелейді» (ШаншарКаратай, 13 жас) жеңіске жетті.
Ольга Ивановна өз білімі мен іскерлігін үнемі жетілдіріп отырады, әріптестерімен тәжірибе бөліседі. Сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында шығармашылық еңбектің әдемілігін тану арқылы баланың біртұтас, үйлесімді тұлғасын тәрбиелеу мәселелерімен жұмыс істей отыра, Ольга Ивановна Қазақстан Республикасының бейнелеу өнері, көркемөнер мектептері мен өнер мектептерінің ұстаздарына арналған "Құрғақ және дымқыл киіз "Моншақ" киіздеу техникасында, "Гүл" зергерлік өнердің филиграни техникасы бойынша әдістемелік құралдар әзірлед. «і Ольга Ивановнаның сабақтары әңгіме, ойын және диалог әдістерін енгізу арқылы өте қызықты, жігерлі болып табылады. Балалар оны өте жақсы көреді және оның сабақтарына қуана қатысады», - дейді мектептің оқу ісінің меңгерушісі Масленникова Инна Владиславовна.
Ол өте талантты суретші-зергер, суретші-кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі.Өзінің тамаша шығармашылығымен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және еліміздің бейнелеу шығармашылығын дамытуға баға жетпес үлес қосып келеді. Оның зергерлік өнері бойынша жеке көрмелері 2017 жылдың наурыз айында Потанин атындағы Павлодар облыстық өлкетану мұражайында, 2018 жылдың желтоқсан айында облыстық көркемөнер мұражайында өтті. Шеберлік сабақтары Торайғыров атындағы кітапханасында және облыстық мұражайында көркемөнер колледжінің студенттері үшін өткізілді."Менің Қазақстаным" атты бейнелеу өнері мұғалімдерінің облыстық конкурсының жүлдегері болып табылады (2016-2019 жылдары).