«Бизнес-технологиялар және қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша Мастер-класс № 1, 2, 23, 24, 25, 34, 40 ЖББОМ 7-9 сынып оқушылары үшін мұғалім Н.В. Моисеенко өткізді.
Іскерлік ойындар түрінде сабақтарды ұйымдастырудың арқасында оқушылар тарапынан шаттыққа толы жауап алынды, олар қатысушыларды бизнес-үдерістер мен үй экономикасын жүргізу атмосферасына «кіргізуге», «кедергісіз» жаңа экономикалық білім алуға, өздерінің коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге және жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.
Оқу блогы «Іскерлік танысу» ойынынан басталды. Бұдан кейін: стартап технологиясы және «Маршмэллоу-челлендж», ми шабуылы технологиясы және «Фирма имиджін дамыту». Екінші оқу күні «Меруерт сату» ойыны – нарықтық механизмнің әрекетімен және сату технологияларымен таныстыруға, «Оркестр» ойыны - командалық жұмысты жетілдіруге арналды. Үшінші күн оқушыларды «бюджет», «жоспарлау», «сақтау және жинақтау» ұғымдарымен таныстырды, ал «Отбасылық бюджет» ойыны оларды жақындатып, іс жүзінде саналы етті.
Курс қатысушылары сабақтарды жақсы достармен аяқтап, ватсапта өз тобын құрды, түпкілікті бөлінгісі келмеді.