ОӨК-да ақпарат және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтар айлығы аясында 7, 11, 28 ЖОББМ-нің 9-11 сынып оқушылары "Ирбис" телеарнасында журналист мамандығымен танысты. Журналистер біз өмір сүретін ақпараттық өрісті қалыптастырады: біз таңертеңгі радио шоуларын тыңдаймыз, күндіз мақалаларды оқып, смартфондағы бейнелерді көреміз, ал кешке теледидардан жаңалықтар бағдарламаларын көреміз.
Телеарнаның бас редакторы Тимофей Владимирович Голев телеарна бөлімдері бойынша экскурсия барысында жоғары сынып оқушыларын телекомпания қызметінің мазмұнымен таныстырды. Журналистік әлеммен танысу жаңалықтар студиясынан басталды. Мазмұнды әңгіме барысында балалар журналистің теледидардағы жұмысының қыр-сырын, жақсы қызметкерге қандай қасиеттер қажет екенін, теле жабдықтың қалай жұмыс істейтінін, монтаж шеберханасындағы жұмыстың қалай өтіп жатқанын, эфирге шықпас бұрын түсірілген материал түрлі түзетулерге ұшырайтынын білді. Тимофей Владимирович көптеген сұрақтарға шыдамдылықпен жауап берді. Жасөспірімдер өздерін жаңалықтар жүргізуші ретінде және "и Я" жобаның қатысушылары ретінде сынап көрді.
Балалар қызығушылықтары бойынша бір топқа жиналды, олардың арасында әрі қарай оқуын журналистикамен байланыстырғысы келетіндері болды.
Әр оқушыда: кім болу керек және қаңдай оқуға бару керек? – деген сұрақ туындайды. Жасөспірімдер кәсіби жолды таңдау туралы шешім қабылдауы керек.
Экскурсия кәсіптік бағдар беру қызметінің бір түрі болып табылады, өйткені мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға үлкен әсер етеді, себебі қол жетімділікпен бірге қабылдау, талдау, салыстыру, таңдау жасау мүмкіндіктерін біріктіреді.
ОӨК-ның әкімшілігі өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау және тәрбиелеу ісінде қолдау көрсеткені үшін "ИРБИС" телекомпаниясына алғыс білдіреді.