10-11 сынып оқушылары білім және ғылым саласындағы мамандықтар айлығы аясында Торайғыров университетіне барды. Экскурсия барысында жоғары сынып оқушылары гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің өкілдеріне: орындаушылық өнер кафедрасы - Е. Н.Тлегеновқа, тұлғалық өсу және білім кафедрасы - В. Х. Адиловаға, филология кафедрасы - Н. И. Толокольниковаға, Қазақстан тарихы кафедрасы - А. Г. Шабамбаеваға, саясаттану, журналистика және ақпарат кафедрасы - Б. В. Поломарчукқа оқуға түсу туралы сұрақтар қойып қажетті ақпарат алды.
Балаларға Торайғыров университетінің құрылымымен және қызметімен жақынырақ танысуға, сондай-ақ археологиялық мұражайда, кеңестік, қазақ вокалдық-аспаптық «Досмұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған мұражайда болуға мүмкіндік берілді. Іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып мамандық пен жоғары оқу орнын таңдаудың дұрыстығы туралы ойлануға ықпал етті.
Экскурсия ЖОО мен ОӨК-ның ынтымақтастығы аясында өтті.