Экскурсия білім беру саласындағы мамандықтар айлығы шеңберінде, болашақта педагогикалық мамандығын таңдауды жоспарлап жүрген 8-9 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Экскурсия Coworking Center-де колледждің бейне көрсетілімінен басталды. Таныстыру әңгімесі барысында басшының оқу-өндірістік практикасы жөніндегі орынбасары А. В. Әбішева болашақ талапкерлерді мамандықтармен және оқыту шарттарымен таныстырды. Балалар барлық сұрақтарына жауап алды.
Содан кейін балалар «Рухани жаңғыру» кабинетінде болып, колледждің оқу аудиторияларымен танысты: Қазақстан тарихы, Шетел тілі, Мектепке дейінгі оқыту, Педагогика, Орыс тілі және т.б., сондай-ақ оқушыларға педагогтардың біліктілігін арттыру ресурстық орталығы, спортзал, колледждің хореографиялық залы және оның асханасы көрсетілді. Экскурсия мазмұнды болды және балаларға өте ұнады.