Іскерлік қарым-қатынас этикеті
Бүгінгі «Маркетинг бойынша менеджер» пәні сабағымызда оқушылармен «Іскерлік қарым-қатынас этикеті»- деген тақырыбын талдап, кәсіпкер басқа кәсіпкерлермен, бәсекелестермен, жұмысшылармен - тек өз ісін жүргізумен ғана емес, кез-келген өмірлік жағдаймен байланысатын, барлық адамдармен реттейтін кәсіпкерлік мінез-құлық ережелерінің жиынтығы екенін түсіндік. Оқушылармен сабақ барысында таныстыру және танысу ережелері,
іскерлік байланыстарды жүргізу ережелері, келіссөздер кезінде мінез-құлық ережелері, сыртқы түріне, әдет-ғұрпына, іскерлік киімге қойылатын талаптар, сөйлеуге қойылатын талаптармен танысып, алған білімдерімізді әр түрлі жағдаяттар кезінде қалай қолдана алатынымызды көрсетіп, сабағымызды бекіттік.