Экскурсия білім беру саласы маамандықтарының айлығы шеңберінде болашақта педагогикалық мамандығын таңдауды жоспарлап жүрген 11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды.
Экскурсия Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттіңқабылдау комиссияның жауапты хатшысы Гүлнәр Манатқызы Мұқанованың кіріспе сөзінен басталды.
Гүлнәр Манатқызы ППУ-ті өңірдегі ең танымал жоғары оқу орындарының бірі екенін, онда студенттердің толықтай білім алуына барлық жағдай жасалғанын, оның ішінде заманнауи жабдықталған оқу қабинеттері, кітапхана, спорт кешені, қол жетімді интернет желісі, жатақхана бар екенін атап жеткізді.
Сонымен қатар Гүлнәр Манатқызы өз сөзінде балаларды оқуға түсу үшін қажетті құжаттармен, оларды тапсыру мерзімдерімен таныстырып, студенттерге мамандықты дұрыс таңдау, білім гранттарын мамандықтар бойынша бөлу ерекшеліктері туралы айтып берді.
Экскурсия ғылыми кітапханасында жалғасты, мұнда балалар студенттердің сабаққа дайындалу процесін сырттан бақылай алды.
Экскурсия химия және география кабинетінде жалғасын тапты, мұнда білім беру бағдарламаларының меңгерушісі, Павлодар педагогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің х.ғ.к., доценті Роза Жұмкенқызы Мұқанова оқушылар үшін университеттің зертханалары бойынша жүргізді.
Экскурсияның қорытындысы барысында балалар оқуға түсу туралы сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара студенттерге үлкен әсер қалдырып, мамандықты және жоғары оқу орнын дұрыс таңдау туралы ойландырды.