Сенім телефоны
22-00-97
email: upk2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар жоғары медициналық қолледжіне экскурсия
22-12-2021 15:52
Павлодар жоғары медициналық қолледжіне экскурсия

Экскурсия медицина және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар айлығы шеңберінде өзінің кәсіби өмірін медицина саласына арнауды жоспарлап отырған оқушылар үшін ұйымдастырылды.

Экскурсия мейірбикелік технологиялар кабинетінің презентациясынан басталды, оның барысында оқушылар арнайы пән оқытушысы Шынар Жеңісқызы Кулбековаға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.

Содан кейін оқушылар педиатрия, акушер және гинекология кабинеттерімен танысты, емдеу бөліміне, сонымен қатар хирургия және реанимация кабинеттеріне барып заманнауи құрал – жабдықтары мен техникалық оқыту базасымен танысты.

Экскурсияның  соңында колледждің бейне-презентациясы мен тәтті сыйлықтары бар викториналық ойыны болды, оның барысында балалар медицина және денсаулық сақтау мамандықтары бойынша білімдерін сынап, оқуға түсу туралы қажетті ақпаратты нақтылай алды.

ОӨК-нің әкімшілігі медициналық колледжіне өскелең ұрпақты кәсіптік бағдарлау және тәрбиелеу ісінде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.