Аялдама және тұрақ
«Көлік жүргізушісі» бейініндегі оқушылар үшінші тоқсанды ең қиын және жауапты «аялдама және тұрақ» тақырыптардың бірінен бастады. Статистика бойынша, Қазақстан Республикасында тұрақ ережелерін бұзу жол қозғалысы ережелерін жиі бұзудың бірі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, мұндай құқық бұзушылық үшін жаза ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабында қарастырылған және 3 АЕК-тен (9189 теңге) 10 АЕК-ке дейін (30630 теңге) құрайды.