«Бағаны белгілеу»
Маркетинг бойынша менеджерлер «Бағаны белгілеу» тақырыбын өтіп жатыр. Оқушылар сабақта баға неден құралатынын, бағаға әсер ететін факторлардың түрлерімен танысты. Бағаның ережесіне келер болсақ, ол - тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Бағаға әсер ететін факторларға мыналар жатады: өндіріс шығындары; сұраныс; тұтынушылардың сатып алу қабілеті; ақша өрісінің жағдайы, тұтынушылардың қолындағы ақша, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктері; бәсеке; бағаларды мемлекеттік реттеу; тауар сапасы; тасымалдау көлемі; сатып алушы мен сатушы арасындағы қарым-қатынас; жеткізу шарттары. Сабақ соңында оқушылар білімдерін тәжірибе сабақта әр түрлі жағадаяттар шешу арқылы бекітті.