Болашақтың мамандықтарына қарай
«Болашаққа көзқарас - жаңа мамандықтардың Атласы» жобасы аясында ОӨК-да №41 ЖОМ-нің 10 сынып оқушыларымен квест-ойыны өткізілді. Павлодар облысының болашақ мамандықтарға арналған нұсқаулығы - жаңа мамандықтардың Атласын пайдалана отырып, оқушылар болашақ кәсіпорнын құруға тырысты. Ойын барысында жоғары сынып оқушылары болашақтың ғажайып әлемін ашты, болашақ мамандардың алдында тұрған кәсіби міндеттерін түсініп, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды.