Сенім телефоны
22-00-97
email: upk2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұтынушылардың құқықтарын білеміз бе?
21-02-2022 10:02
Тұтынушылардың құқықтарын білеміз бе?

"Маркетинг жөніндегі менеджер" бейінінде "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңды, тұтынушылық құқықтар мен мүдделер туралы  тақырыпты өттік.

Көптеген адамдар күн сайын сауда жасайды, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді пайдаланады, белгілі бір тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде олар  қандай да келеңсіз жағдайларға тап болады деп ойламайды.

Ұйымдармен, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге шарт жасасу кезінде қызмет көрсетушімен күтпеген даулар туындаған жағдайда тұтынушылық құқықтар туралы да есте сақтау қажет. Тұтынушы заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру үшін мүмкіндіктердің айтарлықтай арсеналына ие. Мұндай жағдайларда сатушымен өзара қарым-қатынас "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы"Заңмен реттеледі.

Тұтынушылардың қандай заңды құқықтары бар? Егер сатушы сізге тауарды қайтарудан/айырбастаудан бас тартса не істеу керек? Егер тауарды сатып алғаннан кейін сіз қандай да бір кемшілікті тапсаңыз немесе тауар бастапқыда бүлінген болса, бірақ сіз оған бірден назар аудармасаңыз не істеу керек? Осы сұрақтардың барлығына біз "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңда жауаптарды таптық және сабақта ситуациялық мәселелерді шештік.