Жазғы маркетинг
Оқу-өндірістік жанындағы жазғы бейіндік мектепте 43,30,34 мектеп оқушылары «Маркетинг» бейінімен танысты. Оқушыларға ең алдымен маркетингтің біздің өміріміздегі орны туралы мәліметтер берілді. Уолл Стриттің «Деньги не спят» фильмінің үзіндісін көріп, оқушылар фильм сюжетінде көргендей« Қалам сат» ойынын ойнады.Сонымен қатар оқушылар жаңа мамандықтар: промоутер, супервайзер, мерчендайзер кім, қандай қызмет атқаратыны туралы мәлімет алды. Сабақ үстінде өздері жаңа бренд ойлап тауып, оған өздері жарнама жасады. Сабақ соңында оқушылар «Тұтынушы құқығын қорғау» заңдарына сүйене отырып, жағдаяттық ойындар ойнап, дұрыс шешім қабылдауға әрекет етті.