ОӨК- КОЛЛЕДЖ ынтымақтастығы аясындағы ашық диалог
Бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жоспарлау мақсатында ынтымақтастық шеңберінде 14 қазанда оқу-өндірістік комбинатында Павлодар қаласы колледждерінің өкілдерімен диалог алаңы өтті. Ашық диалогтың тақырыбы: "Мамандық таңдау болашағы: бүгін, ертең, болашақта".
Қатысушылар жұмыстың перспективалық бағыттарын талқылап, мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлаудағы проблемалық мәселелерді анықтап, одан әрі ынтымақтастық жолдарын белгіледі.