Б. Ахметов атындағы жоғары Педагогикалық колледжіне экскурсия.
Экскурсия 9 сынып оқушыларына арналған білім және ғылым беру саласы мамандықтарының айлығы аясында ұйымдастырылды. Балалар колледж тарихының мұражайын аралап, Қазақстан тарихы, шетел тілі, математика, биология, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, педагогика, математика, биология кабинеттерімен танысты, дарынды ақын Павел Васильев оқыған кабинетте болды. Сонымен қатар оқушылар колледждің психолог кабинетін, спорт залы мен асханасын аралады.
Экскурсия барысында болашақ талапкерлер колледж студенттерімен әңгімелесіп, оқуға түсу және оқу шарттарын, оқу жүргізіліп жатқан мамандықтарды білді.
Экскурсия мазмұнды болды және балаларға өте ұнады.