"МЕДИЦИНАЛЫҚ" БЕЙІНІНІҢ АПТАЛЫҒЫ
Денсаулық сақтау және медициналық қызметтер саласындағы мамандықтар айлығы шеңберінде 5-9 желтоқсан аралығында ОӨК-да медициналық бейінінің апталығы өтті. Бағдарламаға келесі іс - шаралар енгізілді: "Мобильді медицина" - импульс пен қысымды өлшеу, бойды өлшеу, жарақат кезінде көмек көрсету; "Сенсомоторлы тыныштандыру" - стрессті жеңілдету; "Барлығы медицина туралы"; "Қызықты анатомия" - интеллектуалды ойыны; "Батыл дәрігер" - ойыны. Акциялар ұйымдастырылып, медициналық тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, медицина оқушылары арасында жобалар байқауы басталды.