"МЕДИЦИНАЛЫҚ" БЕЙІНІНДЕ
Парентеральды әдіс - бұл дәрі-дәрмектерді инелер арқылы енгізу. Оқушылар практикалық сабақтарда инъекция жасауды үйрене бастады. Балалар асептика ережелерін сақтай отырып, қолғаппен жұмыс істейді. Енгізу техникасын сақтай отырып, тері ішіне, тері астына және бұлшықет ішіне қалай жасау керектігін үйренді.
25 ЖОМ-нің, 11ә сынып оқушысы Айбек Оразбаев ОӨК-ның сабақтарына қуана қатысады, болашақта дәрігер болғысы келеді. Айбек әрдайым ақ халат киеді, ал сабақта ол әрдайым мұғалімді медицина туралы білімімен белсенді түрде толықтырып отырады.