"Автоісі" бейінінің апталығы

27 ақпан мен 3 наурыз аралығында ОӨК-да бейін апталығы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың автокөлік саласына және жалпы білім берудегі техникалық бағытына қосымша қызығушылығын насихаттау және дамыту болып табылады. Соның аясында 11-сынып оқушыларына арналған "ToU"-не экскурсиясы өткізілді, фойеде "Бейін өмірінен" тақырыбында слайд көрсетілімі ұйымдастырылды, оқушылар өткен жылдардың мұрағаттық фотосуреттерін тамашалады. Сондай-ақ, оқу үдерісі барысында оқушылар автокөлік тақырыбына викториналар ұйымдастырды.