Қолжазба - жан айнасы
Жыл сайын 23 қаңтарда әлемде әр адамның қолжазбасының ерекшелігін еске түсіру мақсатында құрылған Қолжазба күні немесе Қолмен жазу күні атап өтіледі.
«Педагог-психолог» бейінінде оқушылар қолжазба ғылымының негізгі ұғымдары - графологиямен танысып, қолжазбаға графологиялық талдау жасауға тырысты.
Адамның психологиялық портретін 7 негізгі сипаттамадан анықтауға болады: әріптердің мөлшері, олардың еңісі мен пішіні, қолжазба бағыты, қысым қарқындылығы, сөздерді жазу сипаты және қолжазбаны жалпы бағалау.