Мұнай-газ колледжіне экскурсия
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушылары Павлодар жоғары мұнай-газ колледжіне барды. Экскурсия барысында балаларға колледждің құрылымымен және қызметімен жақынырақ танысуға, сондай-ақ осы оқу орнының оқытушыларына сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Әрі қарай балалар колледж аудиторияларымен танысты: жұмыс және оқу кабинеттері, кітапхана, шеберхана, спортзал, футбол алаңы және асхана.
Жалпы, іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырды және мамандық пен оқу орнын дұрыс таңдау туралы ойлануға ықпал етті.