«Медициналық» бейіні: «Болашақ маман» байқауының қорытындысы.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың оқу процесі барысында алған дағдыларын бағалау, болашақ мамандыққа деген қызығушылықты ояту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау төрт кезеңнен тұрды: «Сәлемдесу», «Теориялық дағдылар», «Кәсіби дағдылар», «Үй тапсырмасы».
Байқауды құзыретті қазылар алқасы бағалады: Гуляим Бекенқызы Нагмиева - Павлодар қалалық №1 ауруханасының «Нейрохирургия» бөлімшесінің аға медбикесі; Анна Викторовна Медведева -Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының «Реанимация» бөлімшесінің медбикесі; Дана Қабиболлақызы Макабаева -Павлодар Жоғары медициналық колледжінің «Медбике ісі» бөлімшесінің меңгерушісі.
Жас дәрігерлер тапсырмаларды орындай отырып, тамаша дайындықтарын көрсетті.
Жас дәрігерлер тапсырмаларды орындай отырып, тамаша дайындықтарын көрсетті.
«Журналистика және блогинг» курсының оқушылары іс-шараның қонақтары болып өздерінің репортаждары үшін материалдарды қызығушылықпен жинады.
Байқаудың жеңімпаздары:
I орын - №26 ЖОМ-нің командасы, 8б:
Борисенко Виктор, Мельниченко Матвей, Балякин Алексей, Киреев Тимур, Рамазан Арыстан.
II орын - №39 ЖОМ-нің командасы, 9е:
Сайбель Артур, Эргардт Артём, Жексенби Бахтияр, Сербай Аділ.
III орын - №41 ЖОМ-нің командасы, 9в:
Кирюшин Кирилл, Карибаева Аянат, Биянова Даниля, Волынец Александра.