4К-құзыреттілік
ОӨК-да "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Жаһандық құзыреттіліктер", "Маркетинг бойынша менеджер" бейіндеріндегі практикалық сабақтар "Креативтілік және сыни ойлау, кооперация және коммуникация", – 4К-құзыреттілік "туының" астында өтеді:
• Іскерлік танысу: тиімді қарым-қатынас жасауды және ортақ тіл табуды үйренеміз.
• Тақырып құрастырушысы: идеяларды қалыптастырып, стандартты емес шешімдерді табамыз.
• Идеялар матрицасы: ақпаратты құрастырып шығармашылық ойлауды дамытамыз.
• Питчинг: біз өз идеяларымызды сенімді және тиімді түрде ұсынамыз. Үлкен жетістіктерге дайындаламыз!
Ойындар мен жобалардың арқасында балалар командада жұмыс істеуді, шығармашылық идеяларды қалыптастыруды және оларды тиімді ұсынуға үйренеді.