Болашақ дәрігерлер тіс дәрігерлеріне қонаққа барды.
№7 жалпы орта білім беру мектебінің 10 «А» сынып (медициналық бейін) оқушылары қалалық стоматологиялық емханасына экскурсияға барды.
Кәсібибағдар беру өте пайдалы болды. Гигиена кабинетінде тіс дәрігері Татьяна Владимировна Голева ауыз қуысын күтудің қыр-сырына тоқталып қана қоймай, қатысушыларға тіс тазалаудың дұрыс техникасын көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді. Оқушылар мамандардың жұмысымен танысып, маңызды сұрақтарын қойды.
Емхана басшылығына, сондай-ақ Юлия Анатольевна Сухоносенкоға және Татьяна Владимировна Голеваға тамаша ұйымдастырылу менжылы қарсы алғандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
Мұндай кездесу мамандық ретінде медицинаны таңдауға шабыттандырады!


