«Кәсіби бағдар беру серіктестігі» жобасы аясында Р. Нұртазина атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенов атындағы және № 43 жалпы орта білім беретін мектептердің 8-сынып оқушылары үшін Өзен вокзалына 4 экскурсия ұйымдастырылды, барлығы 65 оқушы қатысты. Оқушылар кемені аралап, оның құрылымымен танысып, құрал-жабдықтарға қызығушылықпен қарап, мамандарға көптеген сұрақтар қойды.
Оқушылар кеме экипажының мамандықтарымен танысты: капитан, штурман, механик, матрос, моторист, боцман. Сондай-ақ, оларға осы мамандықтарды қайдан оқып, алуға болатындығы туралы айтылды. Семей қаласында су көлігі үшін мамандарды Көлік колледжі дайындайды.
Экскурсияны ОӨК-ның түлегі, «Автоісі» бейінінде оқуды сәтті аяқтаған Екатерина Сергеевна Салькова жүргізді.
Мұндай кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, әртүрлі мамандықтар туралы көбірек білуге көмектеседі және болашақ мамандығын таңдау туралы ойлануға ықпал етеді.
Өзен вокзалының басшылығына жылы қарсы алғаны үшін және өскелең ұрпаққа берген құнды кеңестері үшін алғыс айтамыз!
