Қалалық жоба «Бір күн-бір мамандық». Стилист/Визажист/Қызмет көрсету шебері күні
Бүгін біз №6 ЖОББМ, №14 ЖОББМ және Ж. Тәшенов атындағы ЖОББМ оқушыларының Жазғы мамандықтар мектебінде өткен «Стилист/Визажист/Қызмет көрсету шебері» кәсіби сынағына қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен жаңа идеяларын көрсетті.
Қатысушылар сұлулық және қызмет көрсету индустриясы мамандарының жұмыс ерекшеліктерімен танысты, сұлулық саласындағы заманауи үрдістер туралы білді, өздерін стилист пен визажист рөлінде сынап көрді, сондай-ақ қызмет көрсету шебері мамандығы туралы түсінік алды.
Біздің мамандықтар әлеміне қызықты саяхатымыз жалғасуда!







