Кім болу керек? Жоғары сынып оқушыларына дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз!
ОӨК-да 8-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру диагностикасы өткізілуде!
Оқушыларға өздерінің бейімділігін түсінуге және саналы таңдау жасауға көмектесу үшін біз екі тиімді құралды қолданамыз:
• Е. А. Климовтың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы (ДДС) — адамның басым бағыттылығын және оған ең қолайлы қызмет саласын анықтауға көмектеседі («Адам — Табиғат», «Техника», «Адам — Адам», «Адам — Көркем бейне» немесе «Адам-Белгі жүйесі»).
• «Менің мамандық таңдауым» жедел сауалнамасы-таңдау жасауға дайындық деңгейін тез бағалауға және жеке кәсіби жоспарларын нақтылауға көмектеседі.
Күшті жақтарыңыз бен қызығушылықтарыңызды түсіну - болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және оқуға сәтті түсуге апаратын алғашқы қадам!
