Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
22-00-97
Адрес: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Іс жүзінде нарық заңдылықтарын қалай түсінуге болады? Оңай-ойын арқылы.
10-11-2026 16:33
Іс жүзінде нарық заңдылықтарын қалай түсінуге болады? Оңай-ойын арқылы.

Болашақ кәсіпкерлер мен маркетологтарға нарықтық тетік, сұраныс пен бәсекелестік деген не екенін қалай түсіндіруге болады? Оқулықтағы мәтінді жаттатқызу арқылы емес!
«Бизнес-технологиялар» («Маркетинг бойынша менеджер», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері») бағытының оқушылары ең бастысы — нарықтың 4 тірегін: сұранысты, ұсынысты, бағаны және бәсекелестікті талдаудан бастады.
Содан кейін олар теорияны «Інжу нарығындағы сатылымдар» деген іскерлік ойыны арқылы іс жүзінде қолданып көрді. Қатысушылар «Сату шұңғылшасы» әдістемесін зерттеп, өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың рөлдерін сомдап, нағыз бәсекелестіктің қызығын сезініп көрді.
Қатысушылар қандай қорытындыға келді?
• Эмоциялар мен түсініктер көп болды! Біз шараны қорытындылап, ең табысты сатушылар мен ең ақылды сатып алушыларды анықтадық.
• Ойынның басты қорытындысы: кез-келген мәміледегі соңғы сөз әрқашан сатып алушыда қалады.
• Нарықтың алтын ережесі іс жүзінде расталды: «Сұраныс ұсынысты тудырады»!