Кітаптар әлемімен танысу.
Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Б. Момышұлы атындағы және № 19 жалпы орта білім беру мектептерінің 8 және 11 сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу өтті.
Оқушылар заманауи кітапхана кеңістігіне жаңа көзқараспен қарап, кітап сақтау қорларымен танысты, бөлімдердің жұмысы туралы біліп, пайдалы ақпарат іздеу үдерісімен танысты. Мұндай кездесулер кітап оқуға деген ынтаны оятады, қажетті әдебиетті таңдауға көмектеседі, сондай-ақ түлектер мен жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтеді.
Кітапхана ұжымына жылы қарсы алып, мамандықтың қыр-сырымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз!




