2-ОӨК 4 - 28 желтоқсан аралығында мәдениет, өнер және спорт салаларының мамандықтар айлығы өтуде.
Айлық мақсаты оқушыларды мәдениет, өнер және спорт салаларының мамандықтарымен таныстыру.
Мамандықты дұрыс таңдау үшін оның әлемін және шарттарын біліп қана қоймай, адам өзінің күшті және әлсіз жақтарын танып білуі тиіс. «Өзінді тексер» акциясына қатысып оқушылар өздерінің икемділіктерін анықтай алды.
Мамандықтар туралы өз білімдерін балалар «Мәдениет, өнер және спорт» ойын- викторинасында көрсете алды. Бұл ойынға «журналист» және «педагог-психолог» профилдерінің оқушылары қатысты. Оқушылар мәдениет, өнер және спорт туралы ақпараттар алып қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
Барлығы викторинаға 34 оқушы қатысты.