Кәсіпқой маманмен кездесу
29 қантар күні 2-ОӨК «педагог-психолог» профилінің апталығы шеңберінде кәсіпқой психологпен, «Женщины - За будущее нации» ұйымының басшысымен Бороздина Жанна Юрьевнамен кездесу өтті . Кездесуде «педагог-психолог» және «журналист» профилінің 10-11-ші сынып оқушылары болды . Балалар үшін қызықты орын Жанна Юрьевнаның психолог мамандығы туралы әңгімелері болды . Одан басқа «журналист» мамандығының ерекшеліктері туралы айтылды. Оқушыларға зорлық туралы және оған төтеп беру тақырыбына видеобейне ұсынылды. Әңгіме соныңда балалар психолог мамандығына байланысты қызықтыратын сұрақтарын қойып үлгерді.
Өткізілген іс-шара өте қызықты болып өтті, ал ең бастысы – пайдалы болды.