«ҚҰТТЫҚТАУЛАР КІЛЕМІ» НАУҚАНЫ

16 наурызда 2-ОӨК-да Наурыз мейрамын тойлау шеңберінде «Құттықтаулар кілемі» науқаны өткізілді. Оқушылар осы көктем мерекесін бейнелейтін қызғалдақтармен толтырылған «Құттықтау кілемінде» сыныптастарына, мұғалімдеріне, туған қаласына мерекелік құттықтаулар мен тілектерді орналастырды. Балалар түрлі тілдерде - қазақ, орыс, ағылшын, қытай, корей, татар, әзірбайжан, неміс тілдерінде құттықтаулар жазды. Сондай-ақ мұғалімдерде осы акцияға қосылды. Іс-шара жарқын, көңілді болды және бәріне мерекелік көңіл-күй сыйлады!