«Қозғалыс - бұл өмір!» атты флешмоб
Наурыз мерекесінің қарсаңында 2-ОӨК-да «Кіші мейірбике-массажист» профилінің оқушылары «Қозғалыс - бұл өмір!» атты флешмоб өткізді. Оқушылар бүкіл ағзаға пайдалы Қара-жорға биін билеп көрсетті. Би қозғалыстарында барлық бұлшықет топтары қатысады, қан айналымы және метаболизм жеделдейді. Жалпы биге 16, 25, 39 мектеп оқушылары қатысты. Біз бәріміз билеп, «Қозғалыс - бұл өмір!» екенін естен шығармаймыз.