Дәстүр бойынша, оқу жылы аяқталу қарсаңында«Педагог-психолог» профилі бойынша «Кәсіп үздігі» атты байқауы өткізілді.
Ең жақсы «Педагог-психолог» атағына ие болу үшін оқу кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар бәсекелестікке түсті.
Қатысушылар өз міндеттерін «Сәлемдесу» психологиялық тренингпен бастады. Бұдан кейін үй тапсырмалары орындалды. Әрбір қатысушы әділқазылар алдында өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша баяндама мен таныстыруларын ұсынды. Теориялық және тәжірибелік білім қорын оқушылар «Педагогика және психология» кроссвордын шешіп және«Ақыл-ойдың ақыл-ойы» атты тапсырманы орындап көрсетті.
«Кәсіп үздігі» байқауының жеңімпаздары болып:
1 орын: Ибраев Дамир – № 9 ОМ, 11б сын.;
2 орын: Гончарова Полина –№20 МЛ, 8а сын.;
Черепанова Анастасия - №16 ОМ, 10а сын.;
3 орын: Темирбулалатова Аружан –№20 МЛ, 8б сын.
Қатысушыларға табыстар мен жаңа жетістер тілектерімен мадақтамалармен естелік сыйлықтар ұсынылды.