2-ОӨК «Менің ата-анамның мамандықтары» атты акция өткізілді.
Осы жобаның шеңберінде әрбір мамандық бойынша өздерінің таңдаған саласы мамандықтарымен танысу мақсатында балалармен ата-аналарын қатыстыру үшін акция өткізілді.
Қараша айында қатысқаны «Медицина» профилінің оқушысы- Шевелёва Арина ( КМ 18-13тобы), Кайсаринова Меруерт және Амангелді Диана ( КМ 18-11тобы).
Өрт сөндіру-құтқару және құтқару қызметтері өкілдерімен кездесу ұйымдастырған бірінші қатысушысы болып Аринаның анасы, Елена Николаевна Шевелёва болды, Павлодар облысының ТЖ бойынша департаментінің кадр жұмысының бас маманы. Жабдықтар мен технологиялардың көрмесі 2-ОӨК-нің фойесі мен ауласында өтті. Одан басқа №1мамандырылған өрт сөндіру бөлмесіне экскурсия ұйымдастырылады.
Е.В. Шевелёваға 2-ОӨК Әкімшілігі кәсіптік бағдар мен жас ұрпақты тәрбиелеуде ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді.
Акцияны ұйымдастырушылар акцияның форматы жастармен білім беру және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыруға және ата-аналардың мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретініне сенеді.
2019 жастар жылы деп жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жастарды, Қазақстанның болашағын, барлық салаларда, оның ішінде кәсіптік бағдарға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналып, жас ұрпаққа кәсіби жоспарларды табысты жүзеге асыруға көмектеседі.
Директордың ТЖ орынбасары
С.Л.Новосёлова