ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДЫҚТАР АЙЛЫҒЫ
2-ОӨК қантар айында гуманитарлық ғылым және білім беру саласының мамандықтар айлығы өткізілді.
Айлықтың мақсаты оқушыларды осы саладағы мамандықтардың мазмұнымен таныстыру, сол арқылы олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпалын тигізу.
Айлықтың шеңберінде оқушылар білім беру және гуманитарлық саласының мамандықтарымен танысады және кәсіптік бағдарлау іс-шараларға қатысады.
Балалар «Білім және гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандықтар» ойын -викторинасында кәсіптер туралы өз білімдерін көрсетті, «Кәсіби өмірдің бір күнінен» және «Ұйықтаушы қала» мансаптық бағыттау ойындарына да белсене қатысты.