Психология апталығы
2019 жылдың қантар айының 21-25 аралығында 2-ОӨК «Психология апталығы» өткізілді.
ПП 18-1, ПП 18-4, ПП 18-13 және ПП 18-15 топтарының оқушылары дәстүр бойынша басқа профиль топтарына барып психологиялық бағыттағы іс-шараларымен таныстырды.
Іс-шаралардың аталулары: «Аптечка для души» - оқушылар әйгілі психологтарының афоризмдарымен жазылған тәтті «пилюля» деген кәмпиттерінің дәмін көрді, «Письмо себе» - ойлау мен қиялдың дамуына және диагностикасына арналған жаттығулар акциясы, «Телеграмма» шығармашылық қиялдың дамуына және бірлесіп жұмыс жасауына арналған жаттығуы.
Бұл іс-шараларды өткізген оқушылар мен қатысқандары да, өмірде пайдалы болатын дағдыларға ие болып жақсы көңіл-күй алды.