ПМПУ-не экскурсия
2019 жылдың 25 қантарында «Білім беру және гуманитарлық ғылымдар» саласының мамандықтар айлығы шеңберінде 2-ОӨК-да оқушыларға арналған Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық университетіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар мекеменің құрылымымен, институттың сарамандық зертханаларының қызметімен және мұражайлық кешеннің коллекциясымен танысты.
Оқушылар келесі зертханалармен тансыты: оқу биологиялық зертханасы, органикалық химияның оқу зертханасы, бейорганикалық химияның оқу зертханасы, физикалық және коллоидті химияның оқу зертханасы және химиялық–экономикалық зерттеулер оқу зертханасы.
Зертханалармен танысу барысында оқушылар
әртүрлі жабдықтармен танысып ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең мүмкіндіктері туралы көп мағлумат алды. Сондай-ақ, балалар кез-келген студенттің осы зертханаларда іс жүзінде жұмыс істеу мүмкіндігі, жобаға немесе кез-келген ғылыми қызметке қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері бар екеніне көздерін жеткізді.
Оқушылар гидтің сүйемелдеуі барысында мұражай кешенінің жинағының минералогия және петрография, палеонтология және зоология бөлімдерімен танысты. Осыдан кейін оқушылар өздерінің қызығушылығын тудырған экспонаттардың жаныңда қалуға мүмкіндік алды.