2-ОӨК-да оқу жылының аяқталуында «Көлік Құралдарының Жүргізушісі» профилінде «2019- Кәсіп үздігі» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
«2019-Кәсіп үздігі» байқауының мақсаты профиль оқушыларының алған білімдерінің теориялық және практикалық дағдыларын бекіту. Байқау екі сатыда өткізілді. Бірінші сатыда оқушылар жол жүру ережелері туралы алған теориялық білімдерін компьютерлер арқылы тапсырды. Екінші сатының тапсырмасы – автодромға шығу арқылы берілген нұсқау бойынша практикалық жүргізу дағдыларын көрсетті.
Қазылар алқасы құрамында Павлодар облысы жүргізушілер одағының төрайымы А.А. Кымбатов болды.
Байқау жеңімпаздары жол жүру ережелерінің тамаша білімдері мен практикалық жүргізу дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орын алған оқушылар:
1 орын: Мамбетова Лаура, АІ 18-1/11с, ОРММИК
Ерёмин Данил, АІ 18-7, №20 МЛ
2 орын: Горькова Элина, АІ 18-2, №9 ОМ
Петренко Александр, АІ 18-19, №5 ОМ
3 орын: Монбусынова Мадина, АІ 18-7, №20 МЛ
Черепов Виктор, АІ 18-2, №9 ОМ
Байқау жеңімпаздарын жол қозғалысы ережелерін жақсы меңгергені үшін Павлодар облысының жүргізушілер одағынан дипломымен марапаттады.
Құттықтаймыз !