№19 мектеп түлегі Абай Кистобаев «Медициналық» профилінде оқыды, ал қазір Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық Университетінің 1 курс студенті.
Абай «Жалпы медицина» факультетінде оқиды.
Темирхан Баяхметов №4мектеп оқушысы, қазір Семей медициналық Университетіндегі, «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенті, 3 курста хирургия бағытын таңдап кардиохирург болуды шешті. Темирхан болашақта туған қаласына оралып біздің тұрғындарымызға көмек көрсетуге ниет білдіруде.
Темирхан демалыс күндері Павлодарға келіп мұғалімі Құралай Ботбайқызы Сейтқановамен кездесті. Себебі, «Медициналық» профиліндегі сабақтары оған болашақ мамандығын таңдауға ықпал етті.
Ол университеттегі оқуы туралы әсерімен бөлісті, қазіргі кезде оған биохимия пәні ұнайды. Темирхан мұғалімдердің оқуға деген қойылатын жоғары талаптары туралы және үйден алыс болып тұрмыстық мәселелерді өз бетінше қалай шешетіні туралы айтып берді.
Павлодарлық педагогикалық Университетіндегі, шетел тілдері факультетінің 1 курс студенті Тоғжан Байдюсен, «Медициналық» профилінде оқып инемен шаншуды үйренгені туралы айтып берді.
Тоғжан мұғалімімен осы уақыт ішінде жеке өлеңдер жинағы-кітабін шығарғаны туралы бөлісті. Сондай-ақ, ОӨК-ғы мұғалімі Қ. Б. Сейтқановаға өлең арнады.
Медицина саласының
Түрлері бар көптеген
Оған жету жолында да талай адам өтпеген.
Бізге сабақ түсіндіріп,
Тәжірибеге баулыған,
Ботбайқызы Құралайға еш ұстаздар жетпеген.
Массаж жасау, дәрі-дәрмек қолданудың түрлері,
Естілгенде соңғы демнің соғатұғын үндері.
Ұстазымыз Құралай апай ешқашанда ұрыспаған,
Қолымыздан айтқан нәрсе келмеген сол күндері.
Сағынамыз сайыстарды, мықтымыз деп жарысқан,
Үйреткенді білеміз деп, затқа ине салысқан.
Ұстазыма алғыс айтып,
Кездесуді күтерміз,
Көрініңіз тек биіктен, тым болмаса алыстан!
Балаларға өз табыстарымен бөлісіп мұғалімдерін ұмытпағаны үшін алғыс айтамыз!