Алғашқы сынамалар
Жетінші сынып оқушылары «Медициналық» профилінде дәрілік заттарды парентералді енгізу әдісімен танысады.
№37 ЖОМ-нің оқушылары «Дәрі-дәрмектерді енгізу әдістері» тақырыбын зерттей отырып, практикалық сабақта шприцты жинауды және ампуладағы сұйық затты алуды үйренеді. Тапсырманы орындау процессі барысында оқушылар тері ішіне, тері астына және бұлшық ет ішіне техникалық шаншуды жасауды үйренді.